Жаңалықтар

К.Мәсімов пен Ц.Элбэгдорж сауда және инвестициялар саласындағы екі жақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады

15 шілде 2016

Бүгін Ұлан-Батырда XI АСЕМ саммитіне қатысу аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы аккаунтында жазды.

К. Мәсімов моңғол көшбасшысын ұлттық мейрамы Наадаммен құттықтап, бауырлас елге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар сауда және инвестициялар саласындағы екі жақты өзара іс-қимылды кеңейтудің ағымдағы жағдайын және перспективаларын талқылады.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат