Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

К.Мәсімов: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың саясаты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосуда

15 шілде 2016
bnews.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлан-батыр қаласында өтіп жатқан Еуропа және Азия елдерінің (АСЕМ) XI Саммитінің пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде К. Мәсімов елдердің жетістіктері кейде бір адамның энергиясына және көзқарасына байланысты екенін баса айтты.

«Қазақстан Республикасы барлық шетелдің серіктестермен интернационалдандыру және өзара экономикалық ынтымақтастықта белсенді әрекет ететін Президент Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көшбасшысы бар бақытты. Оның шарттарының арқасында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) негізін құраушылардың бірі. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша Кеңеске бастамашы болды», – деп атап өтті К. Мәсімов.

Қазақстан Премьер-Министрі сондай-ақ біздің ел «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Еуропа мен Азияны «Жаңа Жібек жолы» арқылы байланыстыратын көлік инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға баса көңіл бөлетінін айтып өтті.

«Осы еңбектердің бір бөлігі ретінде Қазақстанның жаңа темір жолдары Парсы шығанағына қысқа жолды ашып, біздің елді Түркіменстанмен және Иранмен жалғайды. Жаңа темір жолдар Алматы мен Қытайдағы Ляньюньган портымен байланыстырады, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі аяқталып қалды. Осы жетілдірілген көлік байланыстары АСЕМ елдері арасындағы кооперацияны нығайтатынына сенімдімін», – деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, Қазақстанда адами капиталды, іскерлік ортаны дамытуға, заңның болжалдығы мен ұлықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған институционалды реформалар жүзеге асырылуда.

ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, АСЕМ форумы – бұл жаһандық өзара іс-қимылды реттеуге арналған тиімді алаң. Қазақстанның Еуропа мен Азияның қиылысында орналасуы Шығыс пен Батыс арасындағы «көпір» ретінде рөлін анықтайды.

«Көлік пен коммуникациялардың заманауи жүйелерінің арқасында Еуропа мен Азия қазір нағыз бірегей континент – әлемдік ЖІӨ-нің 50 % астамын және әлем халқының 60 % құрайтын, әлемдегі құрлықтың үштен бір бөлігінен астам жерді алып жатқан былайша айтқанда Үлкен Еуразия болып табылады. Бірге жұмыс жасау бұл Шығыс Азиядағы достарымызбен бірге ашық және өзара байланысқан Үлкен Еуразияны қалпына келтіру мен дамытуға жәрдемдесу үшін біздің борышымыз бен міндетіміз», – деді К. Мәсімов.

Қазақстан Премьер-Министрі сондай-ақ осы саммиттің тақырыбы – «Ынтымақтастықты нығайту үшін АСЕМ серіктестігін ілгерілетудің» өзектілігін айтып өтті. Оның пікірінше, әлем қауымдастығы елдер өзара байланысып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге еңбек еткенде жаһандық сын-қатерлерді жеңу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Ағымдағы жаһандық жағдайда, К.Мәсімовтің ойынша, Үлкен Еуразия АСЕМ мүшелеріне, сондай-ақ бүкіл әлемге пайда әкелетін тығыз ынтымақтастық пен серіктестікті орнатуға әлеует пен мүмкіндіктерге ие.

«Сонымен қатар, барлық елдер әлемнің тұрақтылығы мен гүлденуіне маңызды үлес қоса алады, бұл әлемдегі барлық адамдарға жарқын болашақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Қазақстан Премьер-Министрі.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ