Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

К.Мәсімов XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға барды

14 шілде 2016
asiarussia.ru

Қазақстан Премьер-Министрі Еуропа және Азия елдерінің саммитіне (АСЕМ) қатысу үшін Моңғолияға келді, оның аясында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Ұлан-Батыр қаласына барар жолда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен К.Мәсімов Өлгей қаласында барып, бірқатар кездесулер өткізеді.

Сапар барысында қазақ диаспорасымен кездесу, мұражай мен драма театрына бару жоспарланған. Сонымен қатар Өлгей қаласындағы орта мектепке бару көзделген.

Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.

АСЕМ (Asia – Europe Meeting, ASEM) – ашық, ресми емес, аймақаралық диалогтік үдеріс болып табылады, оның аясында қатысушы елдердің саясат пен қауіпсіздік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Форумның күн тәртібінде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарын жеңу, қазіргі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттер, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерлету және т.б. бағыттар қамтылған.

Қазіргі кезде АСЕМ құрамына 53 мемлекет кіреді.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ