Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

9 ақпан 2017

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді.

– Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

– Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат