Жаңалықтар

Нұрсултан Назарбаев Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты

26 желтоқсан 2016

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасында хабарланған.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының Сочи қаласы маңында апатқа ұшырауы салдарынан Ресей азаматтарының қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Ресей халқына көңіл айтты.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат