Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге Германия Федеративтік Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

13 ақпан 2017
Фото дереккөзі: akorda.kz

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының сайланған Президентін құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бейбітшілік тілеп, елдің одан әрі өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

«Сіздің мол саяси тәжірибеңіз бен дипломатиялық қабілет-қарымыңыз отан игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін.

Биыл 25 жылдығы атап өтіліп жатқан Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынасты нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Берлинде өткен мазмұнды кездесулерімізді мен әрдайым жылы сезіммен еске аламын.

Қазақстан биыл Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Германияның қатысуын құптайды. Осыған орай, Сізді Қазақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырамын», – делінген жеделхатта.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ