Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургте болды

26 желтоқсан 2016

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласында болды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында «Диаконт» акционерлік қоғамының қызметімен танысты.

Кәсіпорынның таныстырылымы алдында Қазақстан мен Ресей Президенттері Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына тағы да көңіл айтты.

«Диаконт» акционерлік қоғамы радиацияға төзімді трансфокатор объективтерін шығаратын әлемдегі екі кәсіпорынның бірі болып саналады және ғылымды қамтитын экономикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді.

Сонымен қатар, осы сапары барысында Мемлекет басшысы Ресейдегі дәрі-дәрмек шығаратын толық циклды жетекші инновациялық компания – «Биокад» ЖАҚ да барды.

Кәсіпорын клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде математикалық моделдеу қағидаттарын пайдаланады, ол дәрі-дәрмекті қолданудың тиімді тәсілін таңдау ықтималдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат