Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

28 желтоқсан 2016
Фото дереккөзі: akorda.kz

Мемлекет басшысы Санкт-Петербургке жасаған ресми сапары барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ЕАЭО аясындағы тиімді ынтымақтастығын атап өтті. «Біздің қарым-қатынасымыз дамып келеді. Туындаған мәселелер елдеріміздің Үкіметтері деңгейінде шешіліп жатыр. Сізбен бірге Байқоңыр қаласын одан әрі дамыту мәселесін талқыладық. Біз қазір 8 жылға арналған тиісті «жол картасын» әзірледік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті республикамыздың ЕАЭО-ға табысты төрағалық еткенін және бұл кезеңде одақтың Кеден кодексі келісіліп, қол қоюға дайын болғанын да атап өтті.

«Отырысқа қатысатын мемлекеттердің басшылары да осы құжатты қолдайды деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тауар айналымы бәсеңдеді, ол биржа бағамының біздің тауарларға деген қатынасына байланысты. Бұл ретте сауданың нақты көлемі сақталуда», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев В.Путинге Сирия қақтығысы жөнінде Астанада келіссөздер өткізу үшін Қазақстан мүмкіндік беруге дайын екенін де айтты.

Өз кезегінде, Ресей көшбасшысы Қазақстан Президентін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы кезеңдегі жетістіктерін атап өтті. «Қазақстан – интеграциялық үдерістерге белсене атсалысып келе жатқан ел. Табысты мемлекеттің интеграциялық жобаларды белсенді түрде жүргізуі Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдеріне пайдасын тигізіп отыр», – деді В. Путин.

Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша «Байқоңыр» кешенінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру тұжырымдамасына және Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құру тәртібі мен олардың мәртебесі туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы хаттаманың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізіміне қатысты бөлігіне қол қойылды.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ