Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

19 қазан 2015
ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Орталық коммуникациялар қызметі «ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті» атты жаңа жоба ұсынады. Оның аясында біз соңғы жеті күннің ең маңызды оқиғаларынан көрініс беретін үздік фотосуреттер мен дәйексөздерді назарларыңызға ұсынатын боламыз.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАРЫШКЕР АЙДЫН АЙЫМБЕТОВТЫ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАУ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Елбасы ғарышкер Айдын Айымбетовты «Халық қаһарманы» орденімен марапаттау кезінде

Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл – Күн жүйесінің кеңістігін зерттеу және игеру ісіне өзге елдермен бірге атсалысып отырған Қазақстанның ғарыштық болашағы үшін жасалған жаңа қадам. Жердің тартылыс күшін еңсеруге ұмтылыс адамның ең ұлы ерлігінің бірі болды, солай болып қала береді. Ол ең батыл әрі лайықтының ғана қолынан келеді. Осындай батырдың бірі біздің үшінші ғарышкеріміз А.Айымбетов болып отыр».


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУІ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі

«Қазақстан Ресей Федерациясының жақын әрі сенімді көршісі, одақтасы болған, алдағы уақытта да солай болып қала береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздер барысында.


ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшылары (солдан оңға қарай): Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей ПрезидентіВладимир Путин жәнеҚырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінде ЕАЭО кеңейіп, халықаралық аренада құрмет пен беделге ие болуда. Біз дұрыс жолдамыз деп ойлаймын».



АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУГЕ БАСТАПҚЫ АЛЫМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОӨНЕРКӘСІПТІ ҚОРҒАЙДЫ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау (ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Тіркеуге бастапқы алымды енгізу автокөліктердің құнын төмендетеді

Кеден бажын алмастыратын жаңа алым сомасы 3 жылдан кем жүрген автокөліктер үшін 50 АЕК (99 000 теңге), 3 жылдан жоғары - 500 АЕК (990 000 теңге) құрайды. Нәтижесінде қатардағы сатып алушы үшін автокөліктің соңғы құны өсіп қана қоймай, керісінше, төмендейді. Альберт Раудың айтуынша, автокөліктердің құны орташа алғанда екі мың АҚШ долларға төмендейді.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ДСҰ – ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР САҚТАЛЫНАДЫ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев (ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Қазақстан ДСҰ-да жергілікті қамту бойынша талаптарды орнату құқығын қорғап қалды

«ДСҰ-ға кіру бір жағынан біздің өндірушілер үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді, екінші жағынан – сын-тегеурін болып табылады, себебі бұл ұйымның ережелері жергілікті қамту саласындағы мемлекеттік қолдау құралдарын мейілінше шектейді. Қазіргі таңда өтпелі кезеңнің (2021 жылдың 1 қаңтарына дейін) шарттарын пайдалана отырып, Үкімет жергілікті өндірушілер алдындағы міндеттемелерін сақтап қалды», - деп атап өтті энергетика вице-министр Мағзұм Мырзағалиев.

2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 81% АВТОЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖАҚСАРАДЫ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков(ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Жалпы пайдаланымдағы жолдардың 81% жағдайы 2020 дейін жақсартылатын болады

«Жалпы 2020 жылға дейін жалпы пайдаланымдағы 30 мың км автомобиль жолдарын құрылыс жұмыстарының барлық түрлерімен қамту жоспарланған. Осылайша, сол кезеңге дейін жолдардың 81% жағдайы жақсартылады», - деп хабарлады Амангелді Беков.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ЕЛДІҢ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНІҢ 95% ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов(ОКҚ-да өткен брифинг барысында):Қазақстандық өндірушілер елдің жол құрылысында пайдаланылатын барлық материалдардың 95% астамын жеткізеді

«Құрылыс материалдарын шығару саласындағы өндірістік стандарттар халықаралық нормаларға сәйкес үйлестірілген. Нәтижесінде отандық өндірушілер бізге жол қабатының жоғары сапасын қамтамасыз ете алатын өнімді жеткізеді», - деді «ҚазАвтоЖол» өкілі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы Джамиль Салми (ОКҚ-да өткен брифинг барысында): Көптеген елдер Қазақстанның ізін қуып, «Болашаққа» ұқсас бағдарламаларды ашуда

Оның айтуынша, бүгінде көптеген елдер үкіметтері білім бағдарламарын қаржыландыруды қысқартып жатыр, Қазақстанда болса ондай үрдістер байқалмайды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ ӘДЕМІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАҢА ТОЛҚЫН 2015» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Танымал қазақстандық әнші Әдемі «Жаңа толқын 2015» халықаралық байқауында өнер көрсету кезінде

Соңғы күні байқау қатысушылары жеке репертуарларынан алынған авторлық әндерді орындады. Әдемі Батырхан Шүкеновке арналған «Соңғы көктем» әнін шырқады. Бұл шығарманы арнайы осы байқауға арнап композитор Ринат Ғайсин жазған болатын. Қазақстандық әнші қыздың орындаушылық шеберлігі қазылар алқасын тамсандырды
«Осы уақыт бойы менің қасымда әрдайым анам болды, маған үлкен қолдау көрсетті. Сол кезде Сочиде демалып жатқан барлық қазақстандықтар менің әр өнер көрсетуіме келіп, маған қызу қолдау көрсетті», - деді әнші.

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН – КЕЗЕКТІ НОКАУТ, 34 ЖЕҢІС

ORTCOM.KZ ұсынған апта келбеті

Қазақстандық боксшы, WBA, IBO и WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің IBF белдігінің иесі, канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегі кезінде.

Жекпе-жек сегізінші раундта канадалық боксшыны техникалық нокаутқа жіберумен аяқталды – қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы өзінің 34 жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA, IBO және WBC атақтарын қорғап қана қоймай, Лемьенің IBF белдігін де жеңіп алды.
«Бүгін маған жеңіске жетуге көмектескен барлық адамдардарға үлкен рахмет! Жанкүйерлеріме, адамдарыма, командама, еліме», - деп жазбы жеңімпаз өз Твиттерінде.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ