Жаңалықтар

Премьер-Министр Ақтөбеде қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

15 маусым 2016

Ақтөбе қаласына сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов теракті салдарынан қайтыс болған жандардың отбасыларына барды.

Премьер-Министр ат басын бұрған алғашқы отбасы өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Мерхан Тәжібаевтің жанұясы болды. Мұнан соң ол лаңкестердің қолынан қаза тапқан Михаил Матросов, Николай Онищенко және Андрей Максименконың отбасыларына барды.

К.Мәсімов құрбан болғандардың туған-туыстарына жеке өзінің және барлық қазақстандықтардың атынан қайғырып көңіл айтып, Қазақстанда бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қорғау бүгінгі таңда басымдықты міндеттердің бірі болып отырғанын атап өтті.

Еске салайық, лаңкестер тобы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге қарулы шабуыл жасаған еді. Қалада антитеррорлық операция режімі жарияланды. Бүгінгі таңда 18 қарақшының көзі жойылды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат