«Нұрлы жол» бағдарламасы

07 желтоқсан 2016
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның энергетика саласының дамуы жөнінде ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов, ҚР Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары Талғат Абылғазы, «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілерін дамыту департаментінің директоры Нұржан Исенов айтып берді.
07 желтоқсан 2016
Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ жоғарывольтты электр жеткізетін 500 кВ Екібастұз – Шүлбі СЭС (Семей) - Өскемен желілерінің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауға арналған баспасөз конференциясы өтті.
07 желтоқсан 2016
Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның энергетика саласының дамуы талқыланды.
31 қазан 2016
29 қазанда ОКҚ алаңында Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы үшін базалық колледждер мен жоғары оқу орындарында білікті кадрлар даярлау мәселесі талқыланды.
20 қыркүйек 2016
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет отырысында ағымдағы экономикалық жағдай мен «Нұрлыжол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.
08 маусым 2016
Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожол жұмыстарына 900 млн. теңге бөлінді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Кәрібаев Қайрат мәлімдеді.
01 маусым 2016
Бүгін Одесса қаласында он екінші Үкіметаралық ТРАСЕКА комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыс жұмысы барысында «Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту бойынша халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісім» тараптарының өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері, ал еліміздің тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.Үкіметаралық отырыс шеңберінде ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізін дамыту, халықаралық автомобиль көлігімен тасымалдауды дамыту Концепциясын жүзеге асыру шаралары, ТРАСЕКА автомобиль көлігімен бағыттардың тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралды.Сонымен бірге, тараптардың 2021 жылға дейін ТРАСЕКА аумақтық әс-қимыл стратегиясының шараларын теңізде жүзу мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді орындау жүрісі талқыланды.Үкіметаралық отырыстың өзекті мәселелерінің бірі болып 2016-2026 жылдарға арналған Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша стратегияны қабылдау болды. Стратегияда дәліздің көліктік әлеуетін толықтай көлемде пайдалана отырып, жүктің үзіліссіз және кедергісіз қозғалысына мүмкіндік туғызуға, ТРАСЕКА дәлізінің рөлі мен функциясын басқа халықаралық көлік дәліздерінің маңызды балама дәлізі ретінде ұлғайту қарастырылады.
27 сәуір 2016
Бейжіңде Қытай - Қазақстан -Түрікменстан - Иран темір жол бағдарының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Шараны Қазақстан, Түрікменстан мемлекеттерінің Қытайдағы елшіліктері мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.Мемлекет басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі Тегеранға сапары барысында Қазақстан Иранмен бірлесіп, «Жібек жолы» бағдарының көліктік-логистикалық әлеуетін дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылданған болатын.Бағдарлама бәсекелестікке сай тариф белгілеу, шекаралық станцияларды дамыту, шекарадан өту мерзімін қысқарту, Қытай- Қазақстан- Түрікменстан- Иран /Парсы шығанағы елдері/ Индия бағдарында және кері бағытта жүк айналымын ұлғайтуды көздейді.Аталмыш магистраль Қазақстан мен Қытайдың «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасының нақты орындалуының көрсеткіші болып табылады.Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран жаңа темір жол желісі бағдардың бәсекелестігі мен контейнерлік тасымал қызметін көтерудің жоғары көліктік әлеуетіне ие.Қазақстанда құрлық арқылы дәліздермен транзиттік-көліктік әлеуетті көтерудің тиімді темір жол желісі мен логистикалық инфрақұрылым жасақталып, жүктерді жеткізуді жеделдету мен көліктік шығындарды оңтайландыру қарастырылуда.Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев қазіргі таңда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалын, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе пайдалануға зор мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.Ляньюньган портындағы логистикалық терминалда 2015 жылы 193 мың ЖФЭ контейнер өңделген. Ляньюньганнан Орталық Азия мен Қазақстанға 498 контейнерлік пойыз жіберілді. 2020 жылдарға қарай терминал арқылы жылына 500 мың (ЖФЭ) контейнер жөнелту жоспарланып отыр.
14 сәуір 2016
Баку қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия елдерінің ірі көлік логистикалық операторларының өкілдері Халықаралық транскаспий көлік консорциумын құру туралы Келісімге қол қойды.
08 сәуір 2016
Тұрғын үйлерге арналған жылу есептегіш құралдарын жаппай орнату бойынша бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ-інде өткен брифинг барысында «ТКШ дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қайсар Байдалы мәлім етті.
« Алдыңғы
1 2 ... 4
+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат