Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қашағанда 308 млн тоннаға дейін мқнай өндіріледі

14 желтоқсан 2016
Фото дереккөзі: 365info.kz

Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Қашаған кен орнының іске қосылуына арналған лекторий өтті.

2016 жылдың7 желтоқсанында Атырауда Мемлекет басшысының қатысуымен әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Қашаған кенішінің ресми таныстырылымы болды.

«Тәжірибелі-өндірістік өңдеу аясында, 2041 жылға дейін Қашағанда жоспарлы өндіру 308 миллион тонна мұнайды құрайды. 211 млрд. текше метр газ өндіріледі, оның ішінде 62 млрд. астамы азаматтардың қажеттілігі мен ел өндірісін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жіберіледі», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін 1 млн. тонна мұнай және 680 млн. м3 газ, 2017 жылы–8,9 млн. тонна мұнай және 5,6 млрд. м3 газ (ҚР ЭМ болжамы бойынша) өндіру жоспарлануда. Алдағы жылдары жылына 13-16 млн.тонна мұнай және 9 млрд. м3 газ өндіру көзделген.

«Келісім шеңберінде өндірілген мұнай екіге бөлінеді: кост-ойл – инвестордың шығындарын өтеу және кен орнын одан әрі игеру мақсатында оны ынталандыру үшін қажет; және профит-ойл – ол инвестордың кірісін қалыптастырады және Республика бюджетіне өтеді», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қазақстан болашақта профит-ойлдан басқа Өнімді бөлу туралы келісімде көзделген салықтардың барлық түрлерін және бонустарды алатын болады. Бұған қоса инвестор әлеуметтік шығыстарға, қазақстандық кадрларды оқытуға қаражат және өнеркәсіптің ілеспе салаларын дамытуға инвестициялар бөлуге міндетті.

Қазіргі кезде Қашаған Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру 1 Кезеңінде, ол тәулігіне 370 мың баррель немесе жылына 13 48 KBмлн.тоннамен сипатталады. 1 Кезең шеңберінде Пайдалану-технологиялық кешені және теңізде 4 бұрғылау аралы, құрлықта «Болашақ» зауыты салынды.

Өнімді бөлу туралы келісім қолданыла бастағаннан бері Мердігер 1,9 млрд. долл. мөлшерінде бонус төледі. Мемлекет бюджетіне түсім 2017 жылы 135 млн. долл. құрайтын болады.

«Келесі жыл Қашағанның бірінші толық операциялық жылы болып саналады және Республика өндірілген ресурстардан өз үлесін алуды жалғастыратын болады», - деді спикер.

1 млн. 670 мың тонна мұнай (Қазақстан және «ҚазМұнайГаз» АҚ үлесі) КТК құбырлары арқылы Новороссийск портына дейін Қара теңіз жағалауына жеткізілетін болады. ҚазТрансГаз құбырлары желісіне экспорттау және ішкі тұтыну үшін 1,1 млрд. текше метр газ (Қазақстан және «ҚазМұнайГаз» АҚ үлесі) жіберілетін болады. Теміржол арқылы сыртқы нарыққа және ішкі өндіріс үшін 230 мың тонна күкірт тасымалданатын болады.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ