Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Қытай - Қазақстан - Түрікменстан - Иран бағдарын дамыту мәселесі талқыланды

27 сәуір 2016
Фото: www.kursiv.kz

Бейжіңде Қытай - Қазақстан -Түрікменстан - Иран темір жол бағдарының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Шараны Қазақстан, Түрікменстан мемлекеттерінің Қытайдағы елшіліктері мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі Тегеранға сапары барысында Қазақстан Иранмен бірлесіп, «Жібек жолы» бағдарының көліктік-логистикалық әлеуетін дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылданған болатын.

Бағдарлама бәсекелестікке сай тариф белгілеу, шекаралық станцияларды дамыту, шекарадан өту мерзімін қысқарту, Қытай- Қазақстан- Түрікменстан- Иран /Парсы шығанағы елдері/ Индия бағдарында және кері бағытта жүк айналымын ұлғайтуды көздейді.

Аталмыш магистраль Қазақстан мен Қытайдың «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасының нақты орындалуының көрсеткіші болып табылады.

Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран жаңа темір жол желісі бағдардың бәсекелестігі мен контейнерлік тасымал қызметін көтерудің жоғары көліктік әлеуетіне ие.

Қазақстанда құрлық арқылы дәліздермен транзиттік-көліктік әлеуетті көтерудің тиімді темір жол желісі мен логистикалық инфрақұрылым жасақталып, жүктерді жеткізуді жеделдету мен көліктік шығындарды оңтайландыру қарастырылуда.

Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев қазіргі таңда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалын, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе пайдалануға зор мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.

Ляньюньган портындағы логистикалық терминалда 2015 жылы 193 мың ЖФЭ контейнер өңделген. Ляньюньганнан Орталық Азия мен Қазақстанға 498 контейнерлік пойыз жіберілді. 2020 жылдарға қарай терминал арқылы жылына 500 мың (ЖФЭ) контейнер жөнелту жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Ляньюньган портында ШЫҰ логистикалық аймағын дамыту жоспарлануда. Ол арқылы 2020 жылдарға қарай 2,2 миллион ЖФЭ контейнер жүкті шоғырландыруға болады.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қытай - Ресей - Орталық Азия - Оңтүстік Кавказ, Еуропа бағдарына шығатын жүк ағындарын шоғырландырудың көліктік-логистикалық хабы болып табылады.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты пайдаланыла бастады. 2015 жылдың екінші жартысында Құрғақ порт арқылы 14 мың ЖФЭ контейнері өңделді.

Иран тарабымен бірлесе көліктік-логистикалық инфрақұрылым жасақтаудың Жол картасы бойынша Инчебурун станциясы, Бандер –Аббас теңіз порты контейнерлік терминалында жүзеге асырыла бастады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қытайдың бизнес қауымдастығымен Қазақстан мен Түрікменстан арқылы Иран бағдарына, Парсы шығанағы елдеріне транзиттік контейнерлік тасымалы кешенді мультимодальдық сервистік қызмет көрсетуге дайын.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ