Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ҚР Премьер-Министрі Моңғолиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

14 шілде 2016
dreamtour.su

Моңғолияға келген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді.

Айтар болсақ, Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Моңғолия басшылығы диаспора мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Бүгінгі таңда облыста 43 орта мектеп бар, онда 1-4 сыныптар аралығында оқушылар қазақ тілінде, ал 5-11 сыныптар аралығында моңғол тілінде оқытылады.

Сонымен қатар қалада қазақ тіліндегі «Жаңа өмір» газеті жарық көреді.

Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті.

Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.

Еске салайық, Моңғолияның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалды.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ