Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ҚР Премьер-Министрі XI АСЕМ саммитінің ашылу салтанатына қатысты

15 шілде 2016
ҚР Премьер-Министрі XI АСЕМ саммитінің ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Еуропа және Азия елдерінің XI саммитінің ашылу салтанатына қатысты.

Саммитке 53 елдің өкілдері қатысады. АСЕМ бейресми өңіраралық диалог алаңы болып табылады, оның аясында түрлі облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Саммит аясында К.Мәсімов пленарлық сессияларға қатысты. Сондай-ақ, К.Мәсімов Моңғолия, Финляндия және Румыния премьер-министрлерімен кездесулер өткізді, олардың барысында екі жақты ынтымақтастықтың экономикалық және сауда мәселелері талқыланды.

Саммит қатысушылары жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын жою, дәстүрлі және жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл, ЖҚҚ таралмауы, энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерілету және басқа да бағыттарды талқылайды.

Естеріңізге салсақ, алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша К.Мәсімов Моңғолияның ең үлкен қазақ диаспорасы тұратын Өлгей қаласына барған болатын.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ