Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Транскаспий көлік бағдары консорциумы бекітілді

14 сәуір 2016
Фото: www.kapital.kz

Баку қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия елдерінің ірі көлік логистикалық операторларының өкілдері Халықаралық транскаспий көлік консорциумын құру туралы Келісімге қол қойды.

«KTZ Express» АҚ (Қазақстанның мультимодалды операторы), «ADY Express» ЖШҚ (Әзербайжан операторы), «Транс Кавкасус Терминалс» ЖШҚ (Грузия операторы) және «ACSC Logistics» ЖШҚ (Каспий теңізінде паром тасымалдаушы оператор, Әзербайжан) Халықаралық транскаспий көлік консорциумының бірінші жалпы отырысын өткізіп, Бақылау Кеңесінің құрамын бекітті.

Консорциумның басты міндеті – Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысушы елдер арасында тауар айналымын арттыру, кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыру. Сонымен қатар, Келісім аясында тараптар бағаларды қалыптастыруда біртұтас саясат ұстанып, бағыт бойынша бәсекелес мөлшерлерді қою туралы келісті. Қол қоюшылар клиенттерге ыңғайлы жағдай құру, тасымалдау сапасын жақсарту, осылайша, ТХКБ бағдарына жаңа әлемдік деңгейдегі операторларды тартуды көздеп отыр.

ТХКБ – Каспий аймағындағы елдердің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру мақсатында құрылған жоба. Аталмыш бағдар Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия және ары қарай Еуропа едеріне дейін созылған.

ТХКБ қатысушыларының бірлескен жұмыстары нәтижесінде «Nomad Express» контейнерлік қызмет түрі жасақталды. Контейнер пойыздары Қытайдан Әзербайжан мен Түркияға жөнелтіліп, сынақтан өтті. Бұл пойыздардың операторы – KTZ Express компаниясы.

Халықаралық транскаспий көлік консорциумының бірінші жалпы отырысына қатысушылар бұл жобаның басымыдықтарын, Еуразия континентінде көліктік әлеуетті барынша тиімді пайдалану мүмкіндіктерін, соның ішінде сауда-саттық қарым-қатынасын күшейте түсуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ оңтүстік және шығыс Еуропа және Балтық елдерімен әріптестік байланысты күшейте түсу мүмкіндігі артады.

Болашақта осы бағдар арқылы Африка, Оңтүстік Еуропа, АҚШ, Канада және Оңтүстік Америка елдеріне, сонымен қатар, Патуми/Поти порттары арқылы Кавказ, Орталық Азия, ҚХР елдеріне тасымалдау жүйесі күшейтіле түседі.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ