Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

ҰКП жекешелендіру нысандарын құнын бөліп төлеумен бизнеске беруді ұсынды

16 маусым 2016
abcproduction.kz

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жекешелендіру нысандарын құнын бөліп төлеумен бизнеске беруді ұсынды. Бұл туралы ҰКП ІІІ Съезінде Палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

«Біз мемлекет иелігінен алу аясында бүкіл коммуналдық және республикалық меншіктің ревизиясын жүргізу мәселесін қойып отырмыз. Комиссиялар құрып, солар арқылы мемлекет айналыспауы тиіс істерді солар арқылы белгілеу қажет. Біз мұның бәрі нарыққа берілуі тиіс деп санаймыз, ал палата мұнымен белсене айналысады», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар ол бизнестің жекешелендіру процесіне нақты қатысуы тиіс екенін атап өтті.

«Ең бастысы, біз аймақтарға сапарымызда күрделі аймақтарды ескереміз, бұл бөліп төлеуге немесе сенімді басқаруға берілуді қамтамасыз ете ме, бизнеске қазір қиын екенін, қаржы салымдарының жоқтығын да ескереміз, отандық бизнес қанша дегенмен жекешелендіру процесіне осылайша нақты қатысуы тиіс», - деді ол.

Еске салайық, Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Үшінші съезі аяқталды. Форум барысында ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев атап өткендей, 2013 жылдың қыркүйек айында құрылған кезінен бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар тудыруда және елдегі бизнес-ахуалды жақсартуда белсене атсалысып, Үкіметтің осы бағыттағы жұмыстары бойынша тиімді серіктесіне айналды.



Материалды толықтай немесе бір бөлігін пайдаланған жағдайда бірінші абзацта ortcom.kz порталына гиперсілтемені міндетті түрде кою қажет.

Тегтер:
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ