Жаңалықтар

Үкімет басшысы Ақтөбедегі теракті салдарынан зардап шеккендер емделіп жатқан ауруханаға барды

15 маусым 2016

Ақтөбеге сапары барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 5 маусымда орын алған теракті салдарынан зардап шеккендердің көңілін сұрап жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды.

Қазір жараланған төрт адам Ақтөбедегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында емделіп жатыр. Олардың барлығы оқтан жараланған, зардап шеккендердің ең жасы – 1995 жылы туған әскери қызметкер Еламан Жанділбаев.

К. Мәсімов теракті салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жараланғандардың жай-күйінің тұрақтылығын атап өтіп, олардың сауығу мерзімін 20 күн деп ұйғарғаны белгілі болды.

+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат