Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Жер мәселесi

02 шілде 2016
Ауылдардың маңындағы жайылымдық жерлердi жеке меншiкке сатуға да, жалға беруге де қатаң тыйым салу қарастырылатын болады. Сонымен қоса, осыған дейін жалға берiлiп, сатылып кеткен жайылымдық жерлер керi қайтарылуы мүмкiн. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтiп жатқан Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысында айтылды.
02 шілде 2016
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтіп жатқан Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелі отырысында бiр қолға жалға берiлетiн жер телімінің шегiн бекiту туралы ұсыныс жасалды.
02 шілде 2016
Жер кодексінің әрбір бабын оның нақты іске асырылуы тұрғысынан қарастыру керек. Бұл туралы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысын ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов айтты.
18 маусым 2016
Ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімсіз пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында өңір басшысының орынбасары Серікжан Бескемпіров айтты.
18 маусым 2016
Қазақстанда жер сатылмауы керек, ал жерді жалға беру мерзімі қысқа болуы тиіс. Мұндай пікірді Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өтіп жатқан көшпелі отырысы барысында эколог Мэлс Елеусізов айтты.
18 маусым 2016
Ауылды дамытамыз, оның болашағын ашамыз десек, жер мәселесіне реформалар керек. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы кезінде Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келімсейіт айтты.
18 маусым 2016
Жері құнарлы Жетісудің шұрайлы жерлерімен жұмыс істеу керек, ол үшін реформа керек. Бұл туралы бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысында өткен көшпелі отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты.
18 маусым 2016
Алматы облысында өтетін Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысының онлайн-трансляциясын 18 маусым күні сағат 11.00-де bnews.kz және jerturaly.kz сайттарынан көруге болады.
03 маусым 2016
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысындағы Жер реформасы жөніндегі комиссияның көшпелі отырысын қорытындылады, деп хабарлайды primeminister.kz. «Бір де бір сауал қараусыз, шеткері қалмайды. Олардың бәрін бір жүйеге келтіріп, бағыттары бойынша қарайтын боламыз», - деді Б.Сағынтаев Комиссияның өңірлерге алғашқы көшпелі отырысының қорытындысы бойынша.Ол отырысқа қатысқан Ақмола облысының өкілдері өз пікірлерін айтып, өздерін қызықтыратын сауалдарды қойғанын айтып өтті. Олардың ішінде - жерді сатуға, шетел азаматтарына жалға беруге қатысты және т.б. сауалдар бар. «Ашық әңгіме болды (…) Отырыс төрт сағатқа созылды, қырықтан астам адам сөз сөйледі. Селекторлық режімде облыстың барлық аудандарын қостық. Аудандарда да ниет білдіргендер өз пікірлерін айтты. Бүгінгі отырыс жұмысына барлығы 250-ден астам адам қатысты. Әрине, өңірлердегі адамдардың сауалдарын, ұсыныстарын тыңдағанда оларда барша халықты мазалайтын сұрақтардан бөлек өзге де көптеген сұрақтар бар екенін байқадық. Негізінен бұл әлеуметтік салаға, ауыл инфрақұрылымына қатысты жеке сұрақтар. Олар қала тұрғындары үшін түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ауыл тұрғындары үшін бұл бірінші кезекте тұрған мәселелер», - деп атап өтті бірінші вице-премьер.Естеріңізге салсақ, Комиссияның алдыңғы отырысы барысында, 28 мамырда, оның мүшелері халыққа жер реформасы бойынша түсіндіру және ақпараттандыру үшін елдің өңірлеріне баратындығы жарияланған болатын.
03 маусым 2016
Қазір біз жерлеріміздің сапасын білмей жер реформасын жүргізуге асығып отырмыз. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның көшпелі отырысында комиссияның Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.«Қазір біз жерлеріміздің сапасын білмей жер реформасын жүзеге асыруға асығып отырмыз. Оның үстіне, біздің шаруашылықтарымыздың жартысының төлқұжаттары жоқ. Осыған мониторинг жүргізу бойынша үлкен жұмыстар өткізуіміз керек. Бұл мәселе бақылауға байланысты. Қазақстан 100 млн. га жер болса, республика бойынша 200 жер инспекторы бар. Ауыл шаруашылығы жері мол Ақмола облысында 12 жер инспекторы бар, тым аз, олар не істей алады? Осы жер инспекциясы бойынша мәселені де қолға алу керек», - деді ол.
« Алдыңғы
1 2 ... 5
 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ