Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

ЭКСПО-2017



ЭКСПО-2017


Қазақстанның елордасы Астана  қаласында  2017 жылы «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен ЭКСПО-2017 халықаралық  мамандадырылған көрмесі өтеді.


2012 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан халқына арнаған сөзінде президент Н.Ә.Назарбаев «Астананың ЭКСПО-2017-ні өткізу үшін күрестегі жеңісі – бұл бүкіл Қазақстан халқының жеңісі. Халықаралық көрмеге дайындыққа барлық қазақстандықтардың түгелдей белсенді ат салысатынына менің сенімім кәміл. Мен ЭКСПО-2017 біздің тарихымыздағы тағы бір алтын парақ болатынына сенемін», деп атап өткен болатын.


ЭКСПО-ны өткізу Қазақстанға Мемлекет басшысының «Жасыл көпір» бағдарламасы мен Қазақстанның энергия экологиясы стратегиясы сияқты  экологиялық бастамаларымен қатар «жасыл экономиканы» дамыту үшін де жаңа технологиялар мен инновациялар  алуға мүмкіндік береді.


ЭКСПО көрмелері маңызы жағынан халықаралық экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша – танымал спорттық жарыстармен  пара-пар жаһандық деңгейдегі оқиға. 3 ай ішінде Астанадағы көрмені 5 миллионнан астам шетелдік қонақтар тамашалайды деп күтілуде.


ЭКСПО-2017 өткізу үшін алдымыздағы 5 жыл ішінде республика астанасында кең көлемді институциональдық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Бірегей құрылыстар "ЭКСПО-2017"-нің символы болып қана қоймай, сәулет және қала құрылысының  әлемдік қазынасына қосылатын болады.


Халықаралық көрме астаналық агломерацияны дамытуға жаңа серпін береді. Көрме нысандары жаңа «халықтық құрылыс» атанып, ондаған мың жұмыс орындары құрылады.


Жалпы, Қазақстан құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне инвестиция салудан мультипликативтік нәтиже алатын болады. Астанада ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу бүкіл республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыру болып табылады. 



 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ