Қазақстан туралы жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

ҚАЗАҚСТАН  ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ

Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздік жылдары әлемдік қоғамдастықтың қатарына қосылған дербес мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз көптеген  әлем елдерімен  тең құқылы  қарым-қатынас орнатты.

Топтастырылған сараптауларға сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстан, басқа жаңа тәуелсіз мемлекеттермен  салыстырғанда,  ең жоқ дегенде,   бес  үлкен  басымдыққа ие.

Біріншіден - экономикалық  жаңартулардың  жақсы ойластырылғаны,  ырықтандырудың  сауатты үйлесімі,  жекеменшік сектор  мен мемлекеттік реттеудің нығайтылуы. Жаһандық  басымдық -  экономикалық реформалар  демократияны нығайту бағытын  ұстануы.  Таңдалған бағытынан  танбауы, барлық жаһандық бағдарламалардың  мазмұндылығы елімізді  шетелдік  капиталдар үшін тартымды етіп отыр.

Екіншіден,  терең ойластырылған  және  әлемдік  үздік тәжірибеден алынған  салықтық,  қаржылық және  бюджеттік жүйелер.

Үшіншіден,  зейнетақы және  тұрғын үй –коммуналдық  салаларындағы  реформалардың дер кезінде жүргізілуі.  Тұрғын үй  құрылысы мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру тұрғын үй қарқынының орнықты өсуін  қамтамасыз  етіп  отыр.  Ал  салаға салынған  инвестиция соңғы он жылда  он еседен  астамға ұлғайды.

Төртіншіден  – саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және  дінаралық  келісімді сақтауға және  нығайтуға,  демократиялық  өзгертулерді тереңдетуге бағытталған  және замана  талабына жауап беретін  ішкі саясат. 

Бесіншіден  –  сыртқы саяси  бағыттың  бірізділігі  және  сарабдалдығы,  шет мемлекеттермен және  жетекші  халықаралық ұйымдармен стратегиялық  серіктестік және достық  қарым-қатынастар орнату.

Осы аталған  басымдықтардың барлығы  ел прогресінің басты бағытында -  экономикалық және саяси  процестерді жеделдету жұмыстарында  қолданылып,  экономикалық, әлеуметтік және  демократиялық  жаңартулар  үйлесім табулары керек.

Бүгінде Қазақстан  әлемнің  ең қарқынды дамушы елдерінің қатарына кіріп отыр.  Өткен бесжылдықтың өзінде ел экономикасының  орташа жылдық  көрсеткіші  10 пайызды шамалаған.  Жан басына шаққандағы ішкі  жалпы өнім  төрт мың долларға  жақындады.  2012 жылғы  ЖІӨ  деңгейі  нақты көрсеткіш бойынша  1991 жылдағыдан  есе есеге жуық жоғары  немесе 95% өсіп отыр, яғни  жан  басына шаққандағы  ЖІӨ 2012 жылы 12 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Бірқалыпты экономикалық  өсудің арқасыгда  мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығы  кеңейе түсті.  Дүниежүзілік банктің жіктелімі бойынша, Қазақстан  табысы  орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатқызылып отыр. Соңғы бес жылда  ең  төменгі  зейнетақы көлемі  екі есегеден  астамға  өскен. Қазіргі таңда  зейнетақымен қамту  деңгейі бойынша  Қазақстан посткеңестік  кеңістікте көш  бастап  келеді.  Бюджеттік сала  қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары үш есеге өсті,  халықтың жалпы  ақшалай табыстары да  ұлғайды.  Елдегі жұмыссыздық  көрсеткігі  Еуроодақтың  деңгейіне  түсіп,  қазіргі таңда шамамен 7,5 пайызды құрайды.

Қазақстан  инвестиция үшін  тартымды өңірде көшбасшы елдің бірі болып  табылады және  жан басына  шаққанда  елшше тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі  бойынша  ТМД кеңістігіндегі  көшбасшы ел  болып  қалуда.

Өткен  жылдары елімізде  әдемнің  алпыстан астам елінен   108  млрд, теңге  тартылды.  Ал Дүниежүзілік  банк  Қазақстанда  инвестиция үшін  аса тартымды  жиырма елдің  қатарына қосып отыр.

Біз таңдаған  даму  жолы, ешқандай серпіліссіз және  саяси толқуларсыз  жүріп,  тек саяси  тұрақтылықты сақтап  және  нығайтып қана  қоймайды,   ұлысаралық және  конфессияаралық  келісім қоғамының   қазақстандық үдгісін жасауға  мүмкіндік береді. Және Қазақстан  бұл бағыттағы жұмыстарымен  мақтана алады.  Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының  көптеген әлем  елдеріне  үлгі болып  отыр.

Ал Елбасы Н.Назарбаев  алдымызға қойып отырған маңызды міндет:  саяси жаңартуды  тереңдету және  соның аясында  биліктің  щаң шығару,  атқарушы және  сот  биліктерінің  теңгерімін қамтамасыз енту.

Жылдар бойы Қазақстан  халықаралық  және өңірлік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге бағытталған  жауапты,  сарабдал  және теңгерімді  саясат жүргізіп,  шет мемлекеттермен  өзара тиімді  әріптесктік қарым-қатынастар орнатула,  Қазақстан  өз  сыртқы саясатында  Ресей,  Қытай,  АҚШ, Еуроодақ, Азия  және Таяу Шығыс елдерімен  ынтымақтастықты тереңдетуді  ең маңызды міндеттің бірі снйды.

Қазақстан бүгінде ТМД  ықпалдастығындағы жетекші ел  болып табылады.  ЕурАзЭҚ аясында  жалпы кедендік,  валюталық-қаржылық  кеңістіктер  құру мәселелері шешімін  табуда. Тәуелсіз  Қазақстанның жүріп  өткен жолына көз салар болсақ,  елдің  дұрыс бағытпен келе жатқанын,  ел басшылығының  оң даму векторын  дұрыс таңдағанын  сеніммен  айтуға болады.