Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Универсиада-2017


                                                                                                                       
2017 жылы Қазақстанның ірі мегаполисі -  Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада ашылады. 28-ші Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Университеттік спорттың халықаралық федерациясында (FISU) дауыс беру барыс

Дүниежүзілік студенттік спорт ойындарын Алматыда өткізу Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бекіткен Қазақстанды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сай, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтудың тағы да бір қадамы болмақ.

Алматыда халықаралық спорт ойындарын өткізу тәжіибесі бар. Олардың ең ірілерінің бірі 2011 жылғы 7-Қысқы Азиада ойындары. Азиадаға арнап салынған спорттық нысандар 2017 жылғы Универсиадаға дайындықтың негізі болады.

Атап айтқанда ойынға «Сұңқар»  шаңғы трамплині  халықаралық кешенін,   Б.Шолақ  атындағы  спорт  сарайын және  Алматы облысындағы Шаңғы биатлоны стадионын пайдалану жоспарлануда. Бұған қоса, жарысқа қатысушыларды биік таудағы «Медеу» мұз  айдыны мен  «Шымбұлақ»  тау шаңғысы курорты қабылдайды.  Сондай-ақ,  жаңа нысандар -  Мұз сарайы, Мұз аренасы мен  Атлетикалық деревня  салынбақ. 

2017 жылғы Универсиада мәнерлеп  сырғанау,  шорт-трек,  таң шаңғысы,  сноуборд,  шаңғы жарысы,  шайбалы хоккей,  керлинг  сияқты  спорттың сегіз  міндетті түрі бойынша өтетін болады. Сондай-ақ, қарсы алушы  тарап  жарыс бағдарламасына  спорттың  тағы  4 түрін қосуға  құқылы. Қазақстан жағы  спорттың шаңғымен трамплиннен секіру,  шаңғы  қоссайысы,  конькимен жарысу  және  фристайл түрлерін ұсынды.

Алматыдағы  Универсиадаға  3 мыңға  жуық  еріктіні жұмылдыру  жоспарлануда. Қазіргі кезде ойын өткізудің Мастер-Жоспары мен Тұжырымдамасы әзірленіп, Студенттік спорттың халықаралық федерациясына (FISU) ұсынылған.

Жалпы, қазақстандық студенттер  құрамасы  Дүниежүзілік Универсиадада 1993 жылдан бері  қатысып келеді.  Универсиадаларға  біздің еліміздің  атынан барлығы 228  студент қатысқан және  28 медаль қанжығалаған (11 алтын,  күміс, 12 қола). 


 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ