Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Послание Главы государства народу Казахстана

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты айқындалған Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы Жолдаудың ү.ж. қарашада жариялануы тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өте алатын әлемдік экономикадағы күрделі процестермен, геосаяси дағдарыспен, әлемдік архитектурадағы өзгерістермен байланысты деп атап өтті.

Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мемлекет пен қоғамның алдағы кезеңдегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өтті. Бұл саясат ең алдымен Қазақстанның әлеуметтік жетістіктерін сақтауды қамтамасыз етіп, мемлекеттің Қазақстан халқы атындағы әлеуметтік міндеттерін толық көлемде орындауына мүмкіндік береді.

Жаңа экономикалық саясаттың басымдығы - барлық салалар үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдарын дамыту болады.

Жаңа экономикалық саясат Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерінің негізінде қуатты мемлекет, әлеуетті қоғам құру жолындағы саяси бағытының заңды және объективті жалғастығын айшықтайды.

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты – бұл әлемнің 30 дамыған елі қатарына жасалған маңызды қадам.

Мемлекет басшысы мықтылар анықталатын ғаламдық сынақтан өтуіміз үшін тұтастығымыз бекем, қазақстандықтар арасындағы сенім берік болуы тиіс екеніне назар аударып – Қазақстан халқы бірлігі мен этносаралық келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау  қажет деп атап өтті.

Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. «Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегісі»! деп атап өтті

Бүгінде Қазақстан халқы Елбасымен бірге дұрыс таңдау жасады – бұл ел бірлігіне, біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының әл ауқатының артуы мен гүлденуіне бастайтын таңдау.

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ