Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,56 EUR 342,43 USD 321,95
Мұнай:
Brent $55,59 WTI $52,93
Золото:
$1228,4
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты  ақпараттық қоғамға ауысуға жағдай жасау.

Бағдарламаның басты міндеттері мыналар:

  • Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі.
  • Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • АКТ-ны енгізу  арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру.

·  Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын  іске асырудың  нәтиженсінде  еліміз  мына көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр:

1.  Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2.  «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3.  Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4.  Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5.  Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6.  Eлдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі  – 4%;

7.  Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8.  Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9.  Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

13. Жалпы қызмет көрсетулердің  80  пайызын -  электрондық  мемлекеттік қызметтердің үлесі құрайды. 

 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ