Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2012 жылғы І жартыжылдықтағы жүзеге асыру қорытындылары

5 қаңтар 2013

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысының аралық қорытындысы негізгі медицина-демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетуде.

Республикадағы ана өлімі І жартыжылдықта 2011 жылғы осы мерзімге қарағанда 13% төмендеп, тірі туған әр 100 000 нәрестеге 15,4 құраған. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сәбилер өлімі 5,1% төмендеп, тірі туған әр 1000 нәрестеге 14,8 құраған.

Әр 1000 адамға шаққанда дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер былай бейнеленеді: халықтың табиғи өсімі – 13,90 (2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда - 13,02); бала туу - 22,77 (2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда - 22,29); адам өлімі – 8,87 (2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда -9,27).

Мемлекеттік бағдарламада профилактикалық бағыт та қарастырылған. Бүгінде республикада салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі жасақталды, жалпы алғанда, 201 Денсаулық нығайту орталығы, 87 Темекі шегуге қарсы орталық, 44 Жастардың денсаулық орталығы, 2501 денсаулық мектебі (артериалық гипертонияның, диабеттің, демікпенің алдын алу, отбасы жоспарлау жөніндегі, т.б. мектептер).

Алғашқы медициналық жедел жәрдем деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметтері құрылды: бүгінде онда 400 психолог пен 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, екінші және үшінші медбике лауазымдары да қарастырылған.

Ел аумағында Ұлттық скринигілік бағдарламасы енгізіліп отыр. 2012 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық қарау кезінде 1,5 млн. астам ересек азамат пен 2 млн. астам бала тексерілді, балалардың 16,0% түрлі ауруларын анықталды.

Cкринингтер жүргілетін аурулардың тізбесі жыл сайын кеңейтілетін болады. 2012 жылдан бастап ересектерден вирустық гепатиттерді анықтауға, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігі мен тоқ ішек қатерлі ісігін ерте анықтауға қосымша скрингтер енгізілсе, 2013 жылдан бастап простата қатерлі ісігі, бауыр, асқазан, ас қорыту жүйесі қатерлі ісіктеріне скрингтер енгізу жоспарлануда.

Халықтың, әсіресе алыс ауылдарда тұратын халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру Мемлекеттік бағдарламаның негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. 2012 жылдың І жартыдылдығында жылжымалы медициналық кешендердің дәрігерлер бригадалары 175 мыңнан астам адамды тексерді, 147 мыңнан астам зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізді, түрлі сала мамандары 156 мыңдай консультация берді.

«Денсаулық» және «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойыздармен бірге, 2011 жылы «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты. Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылы 110 стансаның тұрғындары үшін 260 мыңнан астам емдеу-диагностикалық қызметтерін қаржыландырды.

186 телемедициналық орталықта жоғары білікті мамандар 24 мыңнан астам дистанциялық консультациялар өткізді, оның ішінде алыс ауылдардағы науқастар үшін де. Шетелдік жетекші емханалармен телемедициналық консультациялар жүргізу мүмкіндігі да пайда болып отыр.

Ал инсультқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін өңірлерде халықаралық стандарттарға сай 8 инсульт орталығы ашылды. Қабылданып отырған жүйелі шаралар қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 37,1 % төмедетуге мүмкіндік берді (2012 жылдың 5 айында әр 100 мың адамға шаққанда 250,1).

2012 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысына қарағанда, қайта құрылымдау мен тиімді пайдалану есебінен республикадығы мемлекеттік ауруханалардағы төсек қоры, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 103 456 бірліктен 102 773 бірлікке кеміген, сөйтіп төсекпен қамтамасыз ету көрсеткішін әр 10 мың адамға тиісінше 61,3 және 62,3 құраған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегі дәрігерлердің саны 2011 жылғы 51 760-тан 2012 жылдың І жартыжылдығында 52 524 артқан. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші әр 10 мың адамға 31,3 келеді. Орта медициналық қызметкерлердің саны 2011 жылғы І жартыжылдықтағы 126 704-тен 2012 жылдың 6 айында 130 142 адамға артқан. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші әр 10 мың адамға тиісінше 76,6 және 77,6 құрайды. 2012 жылғы І жартыжылдықта республиканың мемлекеттік аурухана ұйымдарына 56 098,22 науқас емделуге жатқан (2011 жылдың І жартыжылдығында бұл көрсеткіш – 56 463,47 құраған).

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу. БҰДЖ басты ұстанымдарының бірі – пациенттің стационарды еркін таңдау құқығын жүзеге асыру болып табылады, бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту арқылы да, арттыруға зор ықпал етеді.

І жартыжылдықта Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланғандар саны 34% немесе 391 мыңнан астам адамға артты. Олардың ішінде 45,53% ауыл тұрғындары. Тұрғылықты жері бойынша емделгендер 92,5% және басқа өңірлерге шыққандар саны 1,7% құрайды, республикалық мамандандырылған клиникаларды тұрғындардың 5,8% көмек алған.

Ауруханаға жатқызылған азаматтардың жалпы санының 84% ауруханаға жатуды 10 күнге дейін күтсе, тек 16% ғана 10 күннен артық күткен.

Бірыңғай төлеуші жүйесінде 2012 жылдың 6 айы ішінде республика бойынша стационарлық көмек көрсеткіштерінің жағымды тенденциясы байқалған. Стационарлық көмекті пайдалану әр 1000 адамға шаққанда 625,8 төсек-күнге дейін, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,1% , төсекпен қамтамасыз етілу 4,6% төмендеген.

І жартыжылдықта өңірлік деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған науқастардың ара салмағы 3 есе көбейіп, 8910 науқасты құрады. Үстіміздегі жылы органдар мен тіндерді трансплантация жасау жөніндегі жаңа технологиялар енгізілді. Сөйтіп, сүйек кемігін, аутологиялық діңгекті жасушаларды, бүйректі трансплантациялау бойынша операциялар жасалды.

Бұдан басқа, 2012 жылдан бастап стационарлық және стационарды ауыстырушылық көмек көрсету үшін клиникалық-шығындық топтар бойынша төлем жасау жүйесі енгізілген. 2012 жылдан бастап стационарлық және стационарды ауыстырушылық көмек көрсету қызметіне ақы төлеу тарифіне медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған қаржы қосылған. Осы қаржы шеңберінде әр медициналық ұйымның кем дегенде 20% медициналық маманы оқу оқуы қажет.

Бұдан басқа, онкологиялық ауруларға көрсетілетін медициналық көмекке ақы төлеу ұстанымы өзгертілді, онда электрондық регистрде («жаһандық бюджет» ұстанымы) тіркелген онкологиялық ауру үшін кешенді тариф бойынша ақы төлеу қарастырылған. Онкологиялық ауруларға тенгін медициналық жәрдемнің кепілдендіріліген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге 2012 жылы республикалық бюджеттен 23 131,5 млн теңге бөлінген. Бөлінген сома 2009 жылға қарағанда 3,8 есе, 2011 жылға қарағанда 1,7 есе көп.

Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек үшін ақы төлеудің жан басына шаққандағы кешенді тарифін ілкі енгізудің дайындық шаралары жүргізілді. Аталған ілкі режім 2012 жылдың 1 шілдесіне бастап жоба қатысушысы ретінде 5 өңірден таңдалған 15 ұйымның базасында енгізілді.

Алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем қызметкерлері үшін түпкі нәтижеге жеткен кезде төленіп, денсаулық сақтау жүйесінің базалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін әр адамға арналған ынталандыру компонентін енгізу жалғасуда.

Қазіргі кезде қызметкерлер уәждемесін қолданатын медициналық ұйымдардың ара салмағы артып келеді (2012 жылғы І жартыжылдықта – 64,5%, 2011 жылғы 6 айда – 30,6%). Медицина қызметкерлерін түпкі нәтижемен ынталандырумен қамту 34,1% деңгейінде, оны 50% көтеру жоспарлануда.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай. 2012 жылғы І жартыжылдықта жұршылықтың тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, түйнеме, дифтерия, сіреспе, полиемиелит, аусыл ауруларымен ауру оқиғалары тіркелген жоқ.

2011 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда вирусты гепатитпен 38,6%, вирусты А гепатитімен 39,3 %, вирусты В гепатитімен 32,6%, қызылшамен 39,5%, қышыма қотырмен 30,5%, бруцеллезбен 22,6%, менингококк жұқпалы ауруымен 22,0%, бактериалы дизентериямен 15,9%, ЖИТС-пен 15,1%, шигеллезбен 14,2%, тыныс органдары туберкулезімен 7,8%, асқынған ішек жұқпалы ауруларымен 3,9%, эхинококкозбен 3%, көкжөтелмен – 8 оқиғаға, қызамықпен 2,7 есе төмендеген.


+7 (7172) 559-338

Астана қ., Қонаев көшесі 4,
13 қабат