Вы зашли с мобильного устройства. Перейти на мобильную версию сайта?
info@ortcom.kz
+7 (7172) 55-93-38
Тел./факс: +7 (7172) 55-93-36 Кеңсе
kense@ortcom.kz
Валюта бағамы:
RUB 5,24 EUR 361,78 USD 340,24
Мұнай:
Brent $47,24 WTI $46,06
Золото:
$1189,7
Ауа райы:
Астана .. Алматы .. Ақтау .. Ақтөбе .. Атырау .. Жезқазған .. Караганды .. Көкшетау .. Қостанай .. Қызылорда .. Павлодар .. Петропавл .. Семей .. Талдықорган .. Тараз .. Өскемен .. Орал .. Шымкент ..
 

Біздің Twitter

Біз Facebook-та

Ұлттық баяндамасы «Қазақстан жастары –2014»

Ұлттық баяндамасы «Қазақстан жастары –2014»


"ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ - 2014" ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫ

«Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен дайындалды.

Мақсаты – Қазақстан жастарының 2014 жылғы негізгі тенденциялары мен ахуалын ғылыми тұрғыдан зерделеу.

Ұлттық баяндама 8 тараудан тұрады, оларда жастар арасындағы әлеуметтік-демографиялық процесстердің динамикасы қарастырылған, денсаулық сақтау, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық ахуал, қоғамдық-саяси процесстерге қатысу, жастардың құндылық бағыттары, жастар арасындағы қылмыс мәселелері бойынша талдау жүргізілген.

2013 жылғы құжатпен салыстырғанда бұл баяндаманың ерекшелігі - әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша қазақстандық жастардың субмәдениеттерін талдауға арналған жеке тарау енгізілді.

Баяндамада Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің бастамасы бойынша БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің біріккен бағдароламасының қолдауымен «Жастар» ҒЗО тарапынан өткізілген Қазақстан жастарымен жүргізілген ұлттық онлайн-консультацияның қорытындылары пайдаланылды.

Баяндамаға халықаралық индекстердің мәліметтері: Жастардың игілік индексі (Youth Wellbeing Index, YWI) және жастар дамуының ғаламдық индексі (Youth Development Index, YDI) сияқты әлемдік жастар проблемаларын анықтайтын ұйымдардың сараптамалары енгізілген. Қазақстанның YDI индексі бойынша әлемнің 170 елінің ішінде 27-ші (халықаралық сарапшылардың есебі бойынша), YWI индексінде 31 елдің ішінде 10-орында тұр.

«Қазақстан жастары – 2014» ұлттық баяндамасының құрылымы

1-Тарау. Қазақстан Республикасы жастарының демографиялық сипаттамасы

2-Тарау. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру

3-Тарау. Жас ұрпақ денсаулығы

4-Тарау. Жастар өміріндегі білім және ғылым

5-Тарау. Жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

6-Тарау. Жастар арасындағы қылмыс

7-Тарау. Жастар қоғамдық-саяси процестерде

8-Тарау. Жастардың субмәдениеті

"ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ - 2014" ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫ.pdf 


 
 
 
 
2015 © ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ