21.06.2019 в 10:33

Қазақстанның 13 өңіріндегі 1 млн тұрғынды газбен қамтамасыз ететін жобалар жүзеге асырылады

Жыл сайын газдандыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғаюда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

«Елімізде газдандыру деңгейі 49,7%-ға пайызға жетті, газды шамамен 9 миллион адам тұтынуда», - деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінде осы кезеңде 100-ден астам жоба іске асырылатын да айтып өтті.

«Елбасы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде газдандыру жобалары 1 млн астам тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетсек, 2019-2021 жылдар кезеңінде газдандыруға арналған қаражат өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер», сондай-ақ, ағымдағы жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берілген Елбасының жеке тапсырмаларының шеңберінде бағдарламаларда көзделген.