XII Астана экономикалық форумына әлемнің 74 елінен 5 492 делегат қатысуда.

«Мен 2008 жылы форумды өткізу туралы бастаманы көтеріп, содан бері форум тұрақты өтіп келеді. Форум жұмысы барысында жыл сайын жаһандық және өңірлік маңызды проблемалар қарастырылады. Оның ішінде жақын уақыттағы қоғамның дамуына әсер ететін стратегиялық сұрақтар бар. Осы жылдар ішінде біз кең ауқымды сұрақтарды көтердік, атап айтқанда G-Global жобасы, экологиялық проблемалар, кедейлікпен күрес, адами капиталдың дамуы және жаңа энергия», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Айтулы халықаралық шараға қатысып жатқан шетелдік қонақтар қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай халық республикасы мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения республикасының президенті Армен Саркисян , Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2018), Дүниежүзілік банктің бас экономисті (2016-2018) Пол Ромер және басқалар бар.

«Өткен жылы жаһандық шақыру саммитін өткіздік. Саммит алаңында БҰҰ Бас ассамблеясының қолдауымен екі дағдарысқа қарсы конференция өткізілді. Онда қабылданған ұсынымдар мен шешімдер Қазақстанның жаһандық шақыруға уақытылы әрекет етуі мен қиындықтарды жеңуіне көмегін тигізді. Біз қозғаған мәселер мен қабылдаған шешімдер басқа аймақтарда да қолданылды деп ойлмаймын. Біздің тұрақты және тиімді дамуымыз соның дәлелі», - деді Елбасы.

Айта кетсек, «Ынталандырушы өсу: адам, қала, экономика» тақырыбын таңдаған форумның мақсаты - жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру.

АЭФ жұмысын 30 елден 710-нан астам БАҚ өкілдері таратып жатыр.