Қазірдің өзінде ресурстардың таусылу деңгейі жақындай түсуде. Бұл туралы Қайрат Нәжімеденов Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«Жағдай өзгеруде, жасыл революцияның да уақыты аяқталады. Жасыл революция - ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімділігін арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды пайдалану. Енді біз жер, су және орман ресурстарына көбірек көңіл бөліп, көбірек тамақ өндіруге тырысуымыз керек, сол арқылы біздің ұрпақтарымызға қалдырылуы тиіс ресурстарды үнемдейміз», - деп мәлімдеді БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Қазақстан офисінің басшысы Қайрат Нәжімеденов.

Айтуынша, 2025 жылы халық саны 10 миллиард дейін адамға жетеді, яғни ол қазіргі уақытқа қарағанда 30-35 пайызға артады.

"Біздің есептеулеріміз бойынша азық-түлікті 50% -ға арттыру керек. Қазірдің өзінде ресурстардың таусылу деңгейі жақындай түсуде",- деді ол.

Жасыл технологияларды, ресурстарды үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы оларды мұқият пайдалануға мүмкіндік жасайтынымызды айтып өтті.

«Біз сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін және тұрақты даму мәселелерін талқыладық. Қазақстан осыған байланысты өңірдегі көшбасшылардың бірі болып табылады, өйткені ол астықты өндіреді және әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің қатарына кіреді», - деді Қайрат Нәжімеденов.