«Kazakhstan Fashion Week» подиумында алғаш рет «Астана балет» театрының жетекші солистері Риза Қанатқызы мен Айжан Мұқатова шығады.

Биылғы Сән апталығы Kazakhstan Fashion Week.ұлттық жобасының 15 жылдығына арналып отыр.

"Бүгін біз алғаш рет осындай ынтымақтастыққа ие болып отырмыз. Біз балет өнері мен сән индустриясын біріктірдік. Алғаш рет «Астана» балет театрының жетекші солистері қазақстандық сән апталығына қатысады. Біз мұнда мини-спектакльді, қойылымды көретін боламыз, сонымен қатар олар біздің қазақстандық дизайнерлеріміздің көрсетілімдеріне қатысады", - дейді «Қазақстан сән апталығының» атқарушы продюсері Динара Сатжан.

Динара Сатжанның айтуынша, үш күн бойы Дизайнерлік жинақтардың көрсетілімінен бұрын театр репертуарынан бірегей хореографиялық композициялар ұсынылады, олар KFW кештерін романтизммен толтырады және балет өнерінің шынайы сұлулығын және ырғағын бағалауға мүмкіндік береді.

SCK_0776.jpg

Айта кетсек, 17, 18 және 19 сәуірде «Астана балет» театрында шетелдік және отандық дизайнерлердің қатысуымен Қазақстан Сән Апталығы өтеді. Іс-шара халықаралық Fashion TV телеарнасынан көрсетіледі.