Тарихы фильмді түсіру барысында Павлодар қаласының өлкетану мұражайынан көптеген фотокарточкалар табылып, солардың негізінде негізгі ақпараттар жинақталған.

«Тарихи тілдегі фильмді түсіру расына келгенде өте қиын. Себебі сол уақыттың, сол кезеңнің атмосферасын беру оңай емес. Сондықтан да біз Балуан Шолақ фильмін бастаған кезде бүкіл мұражайларды, бүкіл мұрағаттарды барлық информацияларды жинауға тырыстық»,- деді «Балуан Шолақ» фильмінің режиссеры Нұргелді Садығұлов.

Сонымен қатар, фильмдегі ең қызықты оқиғалардың бірі Қоянды жәрмеңкесі екенін де атап өтті.

«Павлодар қаласының өлкетану мұражайына барған кезде көптеген фотокарточкаларды таптық сол жерден. Сол кезеңдердің фотокарточкалары. Біздің кадрлар көбіне сол фотокарточкалардан алынған информациялар. Соның бәрін көрсетуге тырыстық»,- деді ол.

Айта кетсек, «Балуан Шолақ» фильмінің ресми тұсаукесері 2019 жылдың 11 сәуір күні Елордада өтеді. Ал 18 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.