Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен «2019 жылғы шомылу маусымын өткізуге дайындық туралы» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖК бөлімшелері полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Бүгінгі таңда елімізде 107 қалалық және 500 жеке жағажай суға шомылу үшін белгіленген. Суға шомылуға тыйым салынған 1 мыңнан астам орын белгіленді, ол жерлерде 1510 ескерту белгілері және адамдардың қаза болу фактілері, себептері мен оған ықпал еткен жағдайлар жазылған 378 көрнекі стендтер орнатылған.

Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушы-жасақшылар есебінен 114 объектілік құтқару бекеті құрылды. Су айдындарының қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде (табиғи жағажайлар) жедел-құтқару жасақтары қосымша 53 мобильді құтқару бекеттерінің кезекшілігін ұйымдастырды.

Суда адамдардың қаза болуын алдын алудың негізгі құралдарының бірі халықпен ақпараттық жұмыс болып табылады. Жыл басынан бері өңірлерде 28 брифинг өткізілді, халық арасында 65 мыңнан астам үгіт-насихат өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды, теле-радиоларда 556 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.

Судағы балалар өлімінің алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Еліміздің оқу орындарында жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілді, онда ата-аналарға су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Суда қауіпсіздік бойынша 152-ден астам интерактивті сабақ ұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында 140 мыңнан аса оқушы қамтылды.

Су қоймаларына жақын орналасқан 45 балалар лагерінде құтқарушылар жағажайдың түбін тексеріп, құтқару жабдықтарын тексеріп, ақпараттық стендтер орнатты.

Суға шомылу маусымының қызған уақыты маусым-шілде айлары (ауа температурасының көтерілуі байқалады), осы кезде елімзідегі халықтың басым бөлігі еңбек демалысына, балалар жазғы демалысқа шыққан уақыт. Ол кезде адамдар жаппай су айдындарына барады деп күтілуде.

Жыл сайын адамдардың суда қаза болуының негізгі себебі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады (өз күштерін жете бағаламау, жүзе алмау, мас күйінде суға түсу), жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, судағы қауіпсіздік шараларын алдын алу бойынша ел халқы, артық өзіне-өзі сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, судағы қарапайым тәртіп ережелерін елемеу салдарынан жыл сайын су айдындарындағы оқиғаларға ұшырайды.

Төтенше жағдайлар комитеті еліміздің азаматтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии