Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстанда ішкі туризмнің әлеуетін ынталандыруға арналған ақпараттық турлар циклінің бастау алуына байланысты баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ оқиғалық жобалар мен іс-шаралар департаментінің директоры Гауһар ЖЕҢІСБЕК, Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының басшысы Ая ҚҰСАИНОВА, «Этнотур» компаниясының директорының орынбасары, ақпараттық тур қатысушысы Лариса ШИРОЧЕНКО қатысты.

Статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы орналастыру орындарының қызметін 4,6 миллионнан астам ішкі туристер пайдаланған болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Бұл өсу үрдісі 2016 жылдан бері жалғасып келеді және ел ішінде саяхаттау халық арасында кеңінен танымал болып келе жатқанын растайды. Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

А.ж. 20-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстанның 4 аймағының туроператорларынан құралған топтың қатысуымен алғашқы ақпараттық тур өткізу жоспарланған. Олар сапар барысында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік орындарына барады.

Өңірлердегі туристік және санаторлық-курорттық нысандарды қамитын он күндік ақпараттық тур, қазақстандық туристік компанияларды еліміздің аумағы бойынша туристік өнімдерді қалыптастырып, оларды халық арасында насихаттау үшін ынталандыруға бағытталған. Осы мақсаттар үшін, турбизнес өкілдерінің қатысуымен Бурабайда, Шымкентте, Алматыда және Өскеменде бірнеше b2b кездесулер өткізу жоспарланған.

Аталған ақпараттық турлар әрі қарай өз жалғасын тауып, еліміздің шығысындағы туристік компанияларға Батыс Қазақстан мен басқа өңірлер көрсетіледі, ал оңтүстіктегілерге – еліміздің солтүстігі, солтүстіктегілерге – оңтүстігі көрсетілетін болады.

Анықтама: «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы 2017 жылы Қазақстандық туризмді ел ішінде және шетелде ілгерілету үшін және туритсік салаға инвестиция тарту үшін құрылған.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии