Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Шараға ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена ТАРАСЕНКО, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле АЙТПАЕВА, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚОЖАЕВ., ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан НАДЫРОВ, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан ЕРСАЙЫНОВ қатысты.

Жазғы кезеңде республикада 236 қала сыртындағы лагерь, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы лагерь, 1700 астам шатырлы лагерь жұмыс істейді. 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 2 млн. 842 мың бала (96,1 %) (2018 жылы 2 млн. 558 мың бала немесе 92,2%) қамтылады. Республикадағы лагерьлерде 2,1 млн. астам оқушы демалады.

Жазғы демалыс кезеңінде зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданатын болады.

Балалар мен жасөспірімдерге қатысты қылмыстылық пен зорлық-зомбылықтың өсуін зерделеу нәтижелері бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі және Сенаты депутаттарының бастамасымен, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды алдын алуға және жазаны қатаңдатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.

Ағымдағы жылғы маусым айында полицияда есепте тұрған жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ІІМ «Жұмыспен қамту» акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, оның ішінде жазғы лагерьлер аумағында полицияның аумақтық органдарының 3 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатын болады. Жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында азаматтардың, әсіресе балалардың жаппай демалатын барлық орындарын (жағалаулар, саябақтар, алаңдар, аулалар және т.б.) балалардың ойын алаңдарының, батуттар орнату орындарының және аттракциондардың басқа да түрлерінің, велосипедтерді, балалар машиналарын, самокаттарды немесе сигвэйлерді жалға берудің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кешенді тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан балаларды сауықтыру ұйымдарына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау жұмыстары қамтамасыз етіледі.

Жедел көмек көрсету және түсіндіру жұмыстары үшін тәулік бойы жедел «BALA QORAÝ» телеграмма-чаты, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8/7172/74-25-28 (жұмыс күндеріндегі жұмыс тәртібі 9.00-18.30) сенім телефоны жұмыс істейді, сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалыс жағдайларына құқықтары бұзылған жағдайда ата-аналар мен демалушылардың өтініштері үшін ағымдағы жылғы 3 маусымнан бастап Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы 8 /7172/ 74-18-64 (жұмыс күндеріндегі жұмыс тәртібі 9.00-18.30) нөмірі бойынша жедел телефон желісі жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін: pressa@edu.gov.kz ресмис айты мен +7 7172 74 24 14 919522 телефон байланысы

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии