Орталық коммуниациялар қызметінің алаңында 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні Қазақстанда Jasyl Jol электробильдерінің алғашқы жүрісінің басталуына қарасты баспасөз маслихаты өтті. Тақырыпты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басшысының орынбасары Гаухар Байсеева мен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Аппарат басшысы Әділбек Бәсекеев кеңінен ашты. Халықаралық Жасыл Технологиялар және Инвестициялық Жобалар Орталығы (IGTIC) 2019 жылғы 5 маусымда электромобильдердің алғашқы қазақстандық жүрісін жалауын көтереді. Ауаны ластамай, шусыз, жанармайсыз қозғалатын 6 автокөлік «Нұр-Сұлтан – Бурабай – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша 540 шақырымды басып өтеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында: «Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек», - деп электр көлігін дамыту қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Экологияға сай келмейтін көлік ретінде іштен жану қозғалтқышы бар автомобильдерге біртіндеп тыйым салудың жаһандық үрдісі Қазақстанды да айналып өтпеді.

«Біз Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін Қазақстандағы электромобиль қозғалысының дамуына тың серпін беретін іс-шарамен атап өтуді ұйғардық. Электромобильдерді қолжетімді және кеңінен танымал қозғалыс құралына айналдыру үшін жолдардың бойына қуатпен жабдықтау бекеттерін құру, өндіріс орындарын ашу, қосалқы бөлшектер шығару керек», - деп атап өтті IGTIC аппаратының басшысы Әділбек Басекеев.

Электр көлігін дамытуға және оны насихаттауға тежеу болып тұрған мәселелер жарыс басталғанға дейін IGTIC ауқымында талқыланады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, автомобиль компанияларының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және іскерлік топтардың өкілдері «Қазақстан Республикасында көліктің балама түрлерін ілгерілету – шығарындыларды азайтуға және орнықты қалаларды дамытуға қосар үлес» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысады.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың атмосфераға шығарындыларды азайту және таза көлік түрлерін дамыту жөніндегі Қазақстанның міндеттемелерін орындау туралы тапсырмасын іске асыру аясында өткізіледі.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!