Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасындағы Аризона штатының (АҚШ) сауда-инвестициялық миссиясының перспективалары бойынша шетелдік делегацияның қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Шараға Аризона Өкілдер палатасының спикері Рассел БАУЭРС, Аризона Өкілдер палатасы бюджет комитетінің төрайымы Реджина КОББ, Аризона Өкілдер палатасы мемлекеттік және халықаралық комитетінің төрағасы Хосе РИВЕРО, Аризона штатының сенаторы Ребекка РИОС, Аризона Өкілдер палатасы мемлекеттік және халықаралық комитетінің өкілдері Фрэнк КЭРРОЛ мен Джэральдин ПЭТЕН, CSI Group аға серіктесі Олжас ХҰДАЙБЕРГЕНОВ қатысты.

1990 жылдары Қазақстан АҚШ-тың Аризона штатының ең ірі сауда серіктесі болды. Кейінірек екі ел арасындағы сауда-саттық жөніндегі байланыс қысқарып, бүгінгі күні деңгейі төмендеді. Осыған байланысты, Аризона штаты екі ел арасындағы экономикалық байланысты күшейту және нығайту мақсатында инвестициялық-сауда миссиясын құру бастамасын көтеріп отыр. Арнайы өкілдік штаттан Қазақстанға аударылатын инвестицияның көлемін ұлғайту, технологияларды трансферттеу, өзара-сауда-саттықты еселеу тұрғысында барлық қажетті шараларды қабылдамақ.

Аталған өкілдіктің Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрақты кеңсесі CSI Capital әріптес-компаниясының кеңсесінде орналасады. CSI Capital барлық мәселе бойынша өкілдік қызметіне қолдау көрсететін болады. Аризона инвесторлары еліміздегі барлық салаға қызығушылық танытуда, әсіресе кен-руда өнеркәсібі, аэроғарыш байланысы, ауыл шаруашылығы және білім беру саласына айрықша мүдделілік білдіруде. Аталған салалар бойынша, соның ішінде ауыл шаруашылығында үздік технологияларды қолдану мүмкіндіктері зор, себебі Аризонаның климаттық жағдайы Қазақстанға ұқсас болғандықтан құрғақшылық, суармалы судың жетіспеушілігі, т.б. жағдайларда ауыл шаруашылығын дамытуға мәжбүр. Сонымен қатар білім беру және зерттеу жүргізу жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктеріне қатысты ұсыныстар баршылық.

Аталған миссияны жүзеге асыру мақсатында а.ж. 5-13 маусым аралығында Аризона штаты Өкілдері палатасының спикері бастаған құрамына штат конгресінің 6 мүшесі кірген ресми делегация Қазақстанға іс-сапармен келді. Миссия өкілдері ҚР атқарушы және заңнамалық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Алматы және Өскемен қалаларына барады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: +7 701 777 69 17- Ляззат Сагындыкова +7 708 175 3545 - Айсулу Абдыбаева

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Аманияз Ержанов:

"В рамках третьей пятилетки, мы сфокусируемся на развитии высокопроизводительной и экспорто-ориентированной обрабатывающей промышленности. Это позволит к 2025 году увеличить производительность труда в 1,7 раза"

Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов:

«Для участия в ЕНТ подали заявки 117 242 человека, в том числе более 96 тысяч выпускников этого года или 72% от общего числа выпускников школ, а также более 20 тысяч выпускников колледжей и зарубежных организаций образования прошлых лет»

$317 млн инвестировала Индия в экономику Казахстана

3500 военнослужащих будут обеспечены собственным жильем в 2019 году