Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жоба аясында «Студенттер үйі 2.0» акциясының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Батима Мукина және Қазақстан студенттер Альянсының Президенті Ілияс Түстікбаев, сондай-ақ «Ха-Ха шоу» жобасының өкілдері Ақсұлтан Қалиев пен Заңғар Зекенов қатысты.

Жастар жылының шеңберінде «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Студенттер үйі 2.0» жобасын іске қосты. Бұл акция 2005 жылдан бері өткізіліп келеді, ал мемлекет қолдауымен биыл жаңа республикалық ауқымға ие болды. Жоба студенттердің өмір сапасын толыққанды жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі таңда елімізде 500 мыңнан астам студент еліміздің жоғарғы оқу орындарында білім алуда, олардың 40 пайызға жуығы жатақхана тапшылығын сезінеді.

Акцияның басты мақсаты – жатақханаларда тұратын студенттердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту, қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Анықтама: Қазіргі уақытта еліміздің 124 университетінде 542 458 студент білім алуда. Оларға арнап 82 мыңнан астам студент тұратын 251 жатақхана жұмыс істейді. Бұдан басқа, 769 колледжде 229 044 студент оқиды. Оның ішінде 439 жатақханада 46 мыңнан астам студент тұрады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!