Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым:

«Мен Астананың Нұр-Сұлтанға өзгеруін толықтай қолдаймын және бұл менің тұрақты позициям. Себебі Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым. Оны ешкім ешқашан жоққа шығара алмайды. Екіншіден, бұл жалпы халықтың да пікірі. Біз күнде жан-жақтан хабар алып отырмыз. Жұмысшылар, еңбеккерлер, кәсіподақ ұйымының басым көпшілігі осы қадамды қолдап отыр»