2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған және жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерді орта есеппен 30% - ға арттыру жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Айтуынша, заң жобасына көзделген тиісті өзгерістер ҚР Парламентінде қаралуда.

«Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шаралары аясында 1 шілдеден бастап мүгедек балалар мен бала кезінен бірінші топтағы мүгектігі бар 18 жастан асқан азаматтарды күту бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды. 100 мың азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін ұлғайтылатын болады», - деп атап өтті Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 323 млрд. теңге көзделіп отырғандығын да айтты.