ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын іске асыру Жоспары аясында отын-энергетикалық кешенде жаңа кен орындарын іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Мұнай-газ саласында ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 36,5 млн тонна мұнай өндірілді. Жедел жоспар 101% -ға орындалды», - деді Қанат Бозымбаев.

Айтуынша, биылғы мұнай өндіру жоспары 89 млн тонна көлемінде.

«Қашағанда ағымдағы жылғы 14 сәуір 19 мамыр аралығында жөндеу жұмыстары мерзімінен 10 күн бұрын аяқталды», - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, теңіз және жер-үсті құрылыстарында техникалық жұмыстар жүргізілгенін де атап өтті. Қазіргі өндіру көлемі тәулігіне 400 мың баррельге жетті. Бұл рекордты көрсеткішке жылдың соңында қол жеткізу деп жоспарлаған болатын.

«Алдағы уақытта Теңіз кен орнын кеңейту жобасы аяқталса, 2024-ші жылы өндіру көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін ұлғаяды»,- деді Энергетика министрі.

Бүгінгі таңда жобада 45 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс істейді.