Ақмола облысында егіс құрылымында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын алады. Оның ішінде жаздық бидайдың үлесі 77% құрайды.

"Егістікті пайдалану құрылымында жарма және күздік дақылдар бар-жоғы 0,2%. Сондай-ақ, егістік құрылымындағы дәнді-бұршақты дақылдар егістігін кеңейтудің оң мәні бар. Дәнді-бұршақты дақылдарың ең өнімдісі – бұршақ. Орташа есеппен 20 жылда таза пар бойынша бұршақ тұқымының өнімділігі 15,1 ц/га, ал орылған жер бойынша-14,6 ц/га", - деді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Айтуынша, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру ауыл шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар. Егістікті пайдалану құрылымында қалыптасқан жағдайға жүргізілген талдау оны облыстың топырақ-климаттық аймақтары бойынша жетілдіру мүмкіндігін көрсетеді.

"Ауа райы қолайлы солтүстік аудандарда бұршақ өсіру тиімді. Дәнді-бұршақты дақылдардан ноқат береді жақсы нәтижелерді, әсіресе қуаң аудандарда. Ноқат-құрғақшылыққа төзімді және жоғары технологиялық дақыл. Ол орақ кезінде жатып немесе шашылып қалмайды. Пар бойынша ноқаттың өнімділігі 12,3 ц/га, ал орылған жер бойынша - 11,2 ц/га құрады", - деп атап өтті Кенже Абдуллаев.

Сонымен қатар, соңғы жылдары өндіріс жағдайында жасымық егу кең таралған. Бұрын Қазақстанда жасымық егілмеген және аз зерттелген дақыл болып қала берді. Орта есеппен 12 жыл ішінде дәнді дақылдар бойынша жасымықтың өнімділігі 9,6 ц/га құрады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Министр образования и науки РК Асхат Аймагамбетов:

«В последние годы мне дети кажутся более спокойными. Они достаточно умиротворенные, спокойные и сконцентрированные. Всем участникам ЕНТ я хочу пожелать успехов, думаю, у всех все получится»

Вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Аманияз Ержанов:

"В рамках третьей пятилетки, мы сфокусируемся на развитии высокопроизводительной и экспорто-ориентированной обрабатывающей промышленности. Это позволит к 2025 году увеличить производительность труда в 1,7 раза"

$317 млн инвестировала Индия в экономику Казахстана

3500 военнослужащих будут обеспечены собственным жильем в 2019 году