**Маңғыстау облысы "Қаламқас" кен орында болған жағдайға байланысты Экология департаменті мониторингтік тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

«Азаматтарды бірінші толғандыратын – экологиялық ахуал. Осы оқиға 13 наурызда басталды, сол күннен бастап, Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, оның жылжымалы зертханасы күнделікті Қаламқас кен орнында мониторинг жасауда. Ол біріншіден, ауаны тексеру. Ауаның сапасын, ілеспе судың сапасын және топырақтың сапасын тексереді. Сондықтан, мониторинг күнделікті жүргізілуде және 4,5 шақырамнан кейін Каспий теңізі бар. Соған байланысты, Қазгидромет Каспий теңізінің жағалауына да мониторинг жасауда», - деп мәлімдеді ҚР Энергетика вице-министрі Сабит Нұрлыбайұлы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғындарға төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

«Осы кен орнына ең жақын ауыл – 70 шақырымдағы Шебір ауылы. Одан кейін Қазан ауылы 80 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындарға экологиялық жағдай әсер ететін ешқандай ахуал жоқ», - деді Сабит Нұрлыбайұлы.

Сонымен қатар, күнделікті тексерістің нәтижиесінде экологиялық жағдай әлі де бақыланып, арнайы шаралар қабылданбақ.

Айта кетсек, 13 наурызда Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай болған еді.