Top.Mail.Ru

«Әліппені» жаңартылған негізде мектеп бағдарламасына қайта енгізу бойынша Білім және ғылым министрлігі жұмыстар атқарып жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Еліміз бойынша қоғамда «Әліппені» қайтадан мектепке енгізу керек деген ойлар өте көп. Біз бұл пікірлермен келісеміз. Қазір тиісті шешімді қабылдадық», -деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтің әдістемесінің негізінде жасалғанын айта келіп, қазір заманнаң өзгеруіне байланысты оның ішіндегі мәтіндер ме ішкі құрылымында өзгерістер болатынына да тоқталып өтті.

«Қазір егемен елде тұрып жатырмыз. Сондықтан әрине, ішкі құрылымы қазіргі уақытқа бейімделіп өзгеретін болады. Бірақ соның әдістемелік негізі қазақ тіліне бейімделген, Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде болуы керек», -деді ол.

Айтуынша, «Әліппені» қайта енгізу бойынша баспалармен келіссөздер жүргізу барысында бірнеше нұсқасы ұсынып отыр.

«Тамыз кеңесінде де айттым. Ұсынылған бір «Әліппені» қарасам 10 дыбыссыз, 10 дыбысты бірінен кейін бірі кетеді. Оның неге олай екенін сұрасам , ешқандай әдістемесіз, жай ғана ойдан шығарып кіргізе салған», - деді министр.

Өз сөзінде «Әліппе» әр тілдің өзінің қасиетіне, ерекшелігіне сәйкес болу керек екендігін де айтып өтті.

«Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде болған, кеңес үкіметінде болған әліппелер сол қасиеттеріне қарай жасалған. Сондықтар олар бізге оқып, үйреніп кетуге оңай болатын», - деді Асхат Аймағамбетов.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!