Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігіне Арыстағы қару-жарақ қоймасын толық көлемде қаладан жою міндетін қойды, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Мемлекет басшысы бірнеше міндет қойды. Біріншісі - бүлінген ғимараттар мен тұрғын үйлердің қалпына келтірілуі. Қаладағы тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелері қазір жұмыс істеп тұр. Электр қуаты, сумен қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің алдын-алу шарасылары жасалды, нақтырақ айтқанда, суды хлорлау және эпидемияның алдын алу үшін басқа да іс-шаралар жүргізілді », - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Владимир Беккердің айтуынша, Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттердің бірі - Арыс арсенал қоймасын толық жою болып отыр.

«Бұл Қорғаныс министрлігінің міндеті. Олар қазір сол бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта арсеналдағы өрт толығымен жойылмады. Үлкен өрт жоқ, бірақ кейбір жерлерде шамамен 8-10 ошақтары бар. Олар Қорғаныс министрлігі мен Төтенше комитетінің бөлімшелері жұмыс істеп жатқан жерлерде. Біз осы қоймаларды сөндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді спикер.