Арыс қаласында зардап шеккендерге «Nur Otan» партиясы 518 тонна азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдарын жеткізді.

«Апат болған күннен бастап партия барлық 17 өңірде өздерінің гуманитарлық көмек пункттерін ашты. Бүгінгі таңда осы көмек пунктері арқылы Түркістан облысының Әлеуметтік даму корпоративтік қорына жарты млрд-қа жуық қаражат жиналды. Бұл біріншіден, барлық қазақстандық азаматтардың атынан, екіншіден, Шымкент қаласындағы Түркістан облысы штабының складтарына 518 тонна азық- түлік, киім-кешек, құрылыс материалдарын жеткізді», - деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сондай-ақ, сөз сөзінде тұрғындарға арналып 24 балалар психологының көмегі көрсетіліп жатқанын да айтып өтті.

«Партия жанынан Балалар құқығын қорғау кеңесі ашылған. Сол кеңестің Шымкент қаласында мобильді кеңсесін аштық. Бірінші күннен бастап кеңестің мүшелері Қазақстанның психолгтар Ассосациясы Психологтар кеңесімен бірге 25 психолог балалармен жұмыс істеді. Үлкен азаматтарға да психологиялық көмек алу керек болғандықтан, 19 психологты барлық Қазақстан бойынша жібердік. Қазір олар сол жерде жұмыс атқарып жатыр»,- деді ол.

Айта кетсек, «Nur Otan» партиясының бастамасымен #АрысБізбіргеміз жалпыхалықтық акциясы өткізілуде. Партияның өңірлік филиалдарының базасында гуманитарлық көмек жинау орталықтары құрылған болатын.