Ауруханада жатқан 2 бала санитарлық авиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыралады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«Бүгін санитарлық ұшақпен олар астанаға Ұлттық «Ана мен бала» орталығына ауыстыралады. Және тағы бір науқас Алматы қаласындағы 7 клиникалық ауруханасына ауыстыралады»,- деді Біртанов.

Айтуынша, Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан 409 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 329 азаматтарға медициналық көмек амбулаториялық деңгейде көрсетілді.

«80 адам ауруханаға жатқызылған болатын. Олардың арасында қазір 15 адам ауруханадан шығарылды. Өкінішке орай, 1 науқас қайтыс болды. Қазіргі уақытта ауруханаларда 64 науқас жатыр. Олардың арасында 9 науқастың жағдайы нашар болып, реанимациялық бөлімде жатыр, оның ішінде 4 бала бар», - деді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, ауруханаларда жатқан науқастардың 90 пайызы яғни, 64 науқастың 56-сы түрлі жарақаттар алған. Ал 6 науқас уланған және 2 науқас оққа күйген.