ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Орталық коммуникациялар қызметінде Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде әскерилердің қандай іс-қимылдар жасағанын айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 24 маусымында, сағат таңғы 9-да, № 1 арсеналдың техникалық аймағында № 120 ашық сақтау қоймасында түтін шығып жатқаны анықталып, өрт сигналы берілген. Арсеналдың командирі, полковник Нұрмахамбетов нұсқауларға сәйкес өрт сөндіру бригадасымен өртті сөндіруді ұйымдастырды. Бірақ өрт реактивті снарядтар қоймасына тараған, ол өрт сөндіру бригадаларының өзіне үлкен қауіп төндірді. Нұсқауларға сәйкес, арсенал командирі қызметкерлер мен олардың отбасыларын көшіру туралы бұйрық берді. Сонымен бірге, ол офицерлермен бірге сол аймақта одан әрі шаралар қабылдауды және нысандарды қорғау шараларын ұйымдастыруды жалғастырды», - деп атап өтті Тимур Дәндібаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Министрдің орынбасарының айтуынша, әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялау қысқа мерзім ішінде - қырық минут ішінде жүзеге асырылған.

«Бұдан кейін, №2 техникалық аймағында инженерлік оқ-дәрі бар екі сақтау қоймасында детонация пайда болды. Әскери өрт сөндіру бригадасына салынған тыйымға қарамастан, өрт сөндіру техникаларын пайдаланып, олар екінші және үшінші техникалық аумақтардағы өртті ауыздықтады», - деп түсіндірді Тимур Дәндібаев.

Вице-министрдің айтуынша, төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі Қорғаныс министрлігінің комиссиясы дереу құрылып, өз жұмысын бастаған. Оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев оқиға орына барып, материалдық-техникалық жағдаймен танысқан және әскери қызметшілермен кездесіп, қызмет орындарын тексерген.