Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам қайтыс болды.Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Үшінші адам қайтыс болды. Ол - Ахметов Әбдіқұл Нұрланұлы, 1987 жылы туған. Үйленген, бір баласы бар. Шымкент қаласында туған. 2013 жылы контракт бойынша әскери қызметке шақырылған. Ол бөлім командирінің қызметінде болған», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

«Өкінішке орай, кеше әскери қызметкердің алған жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болғанынан хабардар болдық», - деді Т. Дәндібаев