«Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің бастамасымен арыстық тұрғындармен 24 балалар психологы психологиялық көмек көрсетуде.

«Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстары 700 ден астам балаларды өздеріндегі жазғы лагерьлерге шақырғалы отыр»,- деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова.

«Ниет» қайырымдылық қорының да Арыс қаласында зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуде.

«Кеше Алматыдағы «Ниет» қоры 2928 балаға қажетті киім-кешектер жіберді. Біз оларды Ордабасы облысындағы және Шымкент қаласындағы мектептерге орналасқан балаларға жібердік», - деді ол.

Сонымен қатар, партияның жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бірінші күннен бастап еріктілермен жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

«Бірінші күні олар ата-аналары мен балаларардың қауышуы жөнінде біраз жұмыстарды атқарған болатын болса, бүгінгі таңда гуманитарлық көмектерді жеткізу мәселелері бойынша сол жергілікті жерлерде жұмыс істеп жатыр»,- деді Nur Otan» партиясының хатшысы.