2019 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 902 бірлік автокөлік құралдары шығарылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық.

«Бірінші тоқсанда автоөнеркәсіп қазақстандық экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан саласына айналды, елдің ЖІӨ-не автоөндірістің қосқан үлесі 33,2%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығы 2015 жылдан бастап өндіріс көлемдері бойынша екінші үздік тоқсанға айналды. Саланың кәсіпорындары өндірістік көрсеткіштерді бес жыл бұрынғы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен 89,5%-ға қалпына келтірді», - деді «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алфёров.

Қазақстандық автоөндірушілердің ұсыныстарына деген сұраныс одан да жоғары қарқынмен ұлғайып келеді. Олардың сатылымдары өткен жылғы сандармен салыстырғанда 39,4%-ға артты, ал тоқсандық нарықтық үлесі аталмыш саланың тарихында алғаш рет 54,6%-ға жетті.

«Бүгінгі күні жаңа автокөліктерді сатып алушылардың жартысынан көбі ел ішінде шығарылған модельдерді таңдайды. Олардың үштен екі бөлігі ірі өндірушінің - «АЗИЯ АВТО» зауытының автокөліктерінің желісін таңдайды. Клиенттердің жартысына жуығы LADA модельдік қатарын ұнатады», - деп атап өтті.

Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 56,5 млрд теңгеге 8 822 бірлік автокөлік құралдары (соның ішінде жеңіл және жүк автокөліктері, автобус техникасы, арнаулы машиналар және тіркемелер) өндірілді. Шығару көлемінің заттай көрінісі өткен жылғы көрсеткіштен 29,6%-ға асып кетті.

Ал жеңіл автокөліктердің өндірісі 27,9%-ға ұлғайып, 8 304 бірл. көрсеткішіне жетті. Қаңтар-наурыз айларының қорытындылары бойынша автобус техникасын (149 бірл.) шығару 6,8 есе ұлғайды. Сондай-ақ жүк автокөліктерінің (205 бірл.) өндірісі 15,8%-ға ұлғайды, тіркемелердің өндірісі 94 бірліктен 151 бірлікке дейін ұлғайды. Арнаулы техниканы шығару 19 бірліктен 13 бірлікке дейін азайған.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!